Еске алу. Ерлан Дәртайұлы

Руы Әлтеке – Мырзағұл, Бектау – Ата тумасы, Жолдин Ерлан Дәртайұлы ардақты күйеу баламыздың өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,
Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.
Жарқырап келе жатқан жұлдыз едің,
Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.

Қыранымыз ең шырқар биік аспанға, Айналардай күйеу балам едің мақтанға. Пенделіктің ашпай жатып пердесін.
Періште боп ұшып кеттің аспанға.

Кенеттен кеттің, сартап болып санамыз,
Ойласақ іштей қайғыдан күйіп-жанамыз.
Өткенді ойлап, келешектен үміт қып,
1 жыл өтті, бейнеңді, Ерлан, сағындық,
Алладан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.
Алдың бейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп, Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture