Балқашта жүргізіліп жатқан құрылыс сапасына комиссия мүшелері жауап береді

Балқашта жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасына мердіргерлерден өзге арнайы комиссия мүшелері жауап беретін болады. Ол үшін қалалық әкімшілік қарамағынан 13 «партиялық бақылау» тобы ашылды. Оның құрамына депутаттар, ардагерлер, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қоғамдық кеңес қызметкерлері кірді. Енді олар өздеріне бекітілген құрылыс алаңдарын күн сайын бақылап, сапасы мен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалайды. Оған қоса, шаһардағы жолдар мен ғимараттың әрбір құрылысы техникалық бақылаудан өтпек. Осылайша, балқаштағы 32 құрылысқа бюджеттен бөлінген қаражатқа 12 мердігер компания жауап беретін болады. Өйткені, биыл қаладағы құрылысқа бұрын –соңды жұмсалмаған қомақты қаржы бөлініп отыр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture