Ұлы Жеңіске бар болғаны 5 күн қалғанда 6 балқаштық ҰОС ардагерінің бірі Хаден Тотаев көз жұмды. 18 жасында Отан қорғауға аттанған қария бүгін түнде 93 жасында арамыздан озды. Хаден Тотаев Қызылорда облысы Жаңарқа ауданының тумасы. 4-ші Украина майданында 387-ші атқыштар дивизиясы қатарында отан үшін от кешті. Украина, Сивастополь және Қрым түбегін азат еткен жауынгерлердің бірі. Соғыстан оралған соң, Балқаш қалалық ІІБ қылмыстық-іздестіру бөлімшесінде 10 жыл бойы қызмет етеді. Кейін газбен дәнекерлеуші мамандығына оқып, Балқаш мыс комбинатына жұмысқа тұрған. Сол жерден зейнетке шығады. Көзі тірісінде бірнеше рет Астанада өткен парадқа қатысып, Президенттің қабылдауында болды. Көзі тірісінде ерлігі мен еңбегі еленіп Германия түбіндегі жеңісі үшін және Жуков медалімен марапатталды. Сондай-ақ ІІМ мінсіз қызметі үшін медалінің иегері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login