Аяулы, ардақты, әлемдегі ең қымбатты анашым Абдрахманова Мейрамкуль Савлебековна! Бүгінгі 58 жас туған күніңіз және құрмет демалысына шығуыңыз құтты болсын!
Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – ну орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Алла сізге күш-қуат берсін!
Дүниеде не жетер, Ана, саған,
Қасыңда аман болсын бала-шағаң.
Мерейтойға сый қылып осы өлеңді,
Иығыңа шапан қылып жаба салам!
Жан ана, бізді ешкімге теңгермейтін,
Өмірде бар бақытым сендер дейтін.
Түссе де басқа талай сын сағаттар,
Жайдары мінезінен өзгермейтін.
Ұзақ болсын ғұмырың, асыл Ана!
Орындалсын тілегің, арманың да.
Мәпелеп, аялаған балаларың,
Құттықтайды туған күнмен асыға да!
Алдан күткен қызықтар көп, үміт көп,
Атар таңдар келе берсін күліп тек.
Жүрегі – кең, жаны – жомарт жансыз ғой,
Еңбегіңіз арта берсін биіктеп!
Тілек білдірушілер: қызы – Дина, немересі – Альазиз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login