Балқаштық Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 150 мың теңге жәрдемақы берілмек. Қазір арамызда бейбіт күн үшін от кешкен 6 майдангер қалды. Ал, 7 және 9 мамырға орай ақшалай сыйақыға ие болатындар қатарында мыңға жуық тыл жұмыскерлері бар, олар 10 мың теңге көлеміндегі сыйақы алса, интернационалист-жауынгерлер 15 мың теңге қаржылай көмекке ие болады. Чернобыль апатын жоюға атсалысқандарға да 10 мың теңгеденберіледі.Сонымен қатар, қаза болған сарбаздардың отбасылары мен соғыс мүгедектері де мұндай сыйдан тыс қалмайды.
Жібек Шорманова — Ардагерлермен, мүгедектермен және азқамтылған отбасылармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі
«Чернобыль апатын жоюға қатысқан ішінде 88-89 жылдары осы апатты жоюға қатысқан 3 адам бар, оларға 10 мың теңгеден, бейбіт кезде қайтыс болған жауынгерлердің семьясына 5 теңгеден,советтік армия мүгедектеріне 10 мың теңгеден бір жолғы төлемақы төленеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login