3 б автобусының жүру кестесі ұзарды. Енді алғашқы қоғамдық көлік темір жол вокзалынан таңғы 7:50 де қоғалса, соңғысы 19:30 да жүреді. Алайда, ақ тас аймағына қатынайтын автобус биылдан бастап онда жүруін тоқтатты. Қазір 3 б тек профилакторияға дейін жетіп, кері қайтады Тасымалдаушылар оның себебін жол сапасының нашарлап кетуімен түсіндіріп отыр. Бір емес бірнеше рет қоғамдық көліктің баллоны жарылып, техникалық жағдайына да зиян келген. Шығынға батқысы келмеген кәсіпорын, тек жол жөнделгеннен кейін ғана онда қатынаймыз деп отыр.
Алексей Макаров-«Тұлпар» автобус бекетінің бас инженері
«Біз Ақ тас аймағына жүруді уақытша тоқтаттық. Қазір жол сапасы былтырғыдан нашар болып кеткен. Бір емес бірнеше рет автобустың баллоны жарылды. Ал, бір дөңгелекті ауыстыруға 50 мыңдай ақша кетеді.»
Ал, ТКШ бөлімі болса, бұл жолды саяжай маусымы басталмай тұрып жөндеуге уәде берген. Алайда, бұл жұмыстар кейінге қалдырылыпты. Енді маусым айында жол сапасын жақсартуға уәде беріп отыр Ол үшін ойық-шұңқыры көп жерлерге Ленин көшесінің бойындағы жолдан алынған асфальт үгіндісін төсемек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login