Балқаштық әскери бөлім 20 студенттің арманын орындады. Әскери әуежай басшылығы бала кездерінде ұшқыш болуды қалаған жастарға арнап экскурсия ұйымдастырды. Тіпті ұшаққа отыруға рұқсат етіп, оның құрылысымен таныстырды.
Бала кезінде ұшқыш болуды армандап өскен жастардың бірі-Асылан Әубәкіров. Бүгін ұшақты өз көзімен көріп, оның құрылысымен де танысты. Тіпті әуе көлігінің әр тетігін ұстап қолмен ұстап, ұшу кезінде қандай рөл атқаратынын біліп қайтты.
Асылан Әубәкіров-студент
«Кішкентай кезімде ұшқыш болуды армандағанмын. Қазіргі таңда Балқаш медицинлық коллджінде оқимын. Бірақ бүгінгі экскурсияның арқасында әуе көлігінің де қыр-сырымен таныстым».
Қалалық әскери әуезжайға келетін курсанттар алдымен Л-39 реактивті ұшағымен ұшуды үйренеді. Бұл әуе көлігінің жылдамдығы сағатына 900 шақырым. Әрі кез-келген маневрді орындауға қауқарлы.
Алайда, курсанттар ұшаққа мінбес бұрын мына тренажерда жаттығады. Түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынайды. Бүгін студенттер де компьютерлік графиканың арқасында ойша ұшып көрді.
Айзат Алтынхан-медицина колледжінің студенті
«Ұшаққа мінген және ұшқан ұнады. Мен арманыма жеттім деп ойлаймын».Абылайхан Рахыман-медицина колледжінің студенті
«Мен өзім кішкентайымнан ұшқыш болуды армандағанмын. Ұнады бәрі. Көп ақпараттар білдім.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login