Аса ірі көлемдегі героин және марихуанамен қолға түскен балқаш тұрғыны сотталды. Есірткіні сақтаған 24 жастағы келіншек қалалық соттың шешімімен 3 жарым жылға темір торға тоғытылды.
Балқаштықтар су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсете алады. Осы аптада мәдениет сарайындағы жастар ресурстық орталығында қабылдау пункті ашылды.
Биыл қаладағы 11 мектеп пен бір балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Жергілікті қазынадан ағымдағы құрылысқа 343 млн теңге, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін тағы 245 млн теңге қаржы бөлінді.
Балқаш қаласының 80 жылдық мерейтойына орай мәдениет сарайы жаңа кейіпке енеді. Өнер ошағының сырты күрделі жөндеуден өтіп, ішінде электр, құбыр жүйелері ауыстырылады.
АК 159/21 түзету колониясы қалалық әкімшіліктің қармағына өтті. Естеріңізде болса, өткен жылдың қараша айында балқаштағы бас бостандығынан айыру мекемесі жабылып,өз жұмысын тоқтатқан болатын.
Әскери комиссиариат маңында жеміс бағы пайда болды. Қазір онда шие және қарақат талы бүршік жарып тұр. Жақында олардың қатарына алма ағашы қосылмақ.
Қарағанды облысындағы әрбір отбасында кем дегенде үш ұялы телефон, бір көлік, бірнеше тұрмыстық техника бар екен. Мұндай мәліметті Статистика департаменті хабарлап отыр.
Әкімшілік құқықты бұзып, салынған айыппұлын өтемей жүрген 16 тұрғын 5 күнге дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көктем шыққалы бері қала көшелерінде скутер, мотоцикл, мопедтер көбейіп келеді.Сол себептен жол потрульдік полиция қызметкерлері екі дөңгелікті көлік иелеріне тексеріс жұмыстарын бастады.
Ұлы Жеңіс күніне орай қалалық жастар ресурстық орталығы байқау жариялады. Оған қатысып, үміткер атану үшін 3 минуттық бейнеролик түсіру қажет.
Қазақстанның атынан жалғыз болып бағын сынаған балқаштық пауэрлифтер халықаралық жарыста жеңіске жетті.
Алдағы дүйсенбіде Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеміз. Біздің түсірілім тобы мереке қарсаңында көпұлтты отбасылардың үйінде болып, жанұя мүшелерімен танысып қайты.
Балқашта 1мамыр Қазақстан халықтарының достығы күніне орай түрлі мәдени- спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login