Героин үшін балқаштық келіншек 3 жыл 6 айға сотталды

Аса ірі көлемдегі героин және марихуанамен қолға түскен балқаш тұрғыны сотталды. Есірткіні сақтаған 24 жастағы келіншек қалалық соттың шешімімен 3 жарым жылға темір торға тоғытылды. Есірткі затын сақтап, сатты деген күдік туғызған тұрғынды полицейлер наурыз айының 21 күні ұстады. Оны тінту барысында бір қалтасынан 1,5 грамм героин, екінші қалтасынан кептірілген 3 грамм мариухана тәркіленді. Оның көлемі аз болғанымен, героин — аса көп мөлшерлі болып табылады. Ал сұрақ –жауап барысында қылмыскер есірткіні тек өзі үшін ғана сақтағанын жеткізіп, жасаған ісін мойындаған. Сот оның өкінішін және кішкентай баласының барын ескере отырып, 24 жастағы айыпталушыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Мәди Әбішев- қалалық прокуратураның прокуроры
«Балқаш қаласы соты үкімімен қаламыздың тұрғыны ҚК 296-бабы, 4 тармағы бойынша кінәлі деп табылып, соттың шешімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture