Бірлік күнін мүмкіндігі шектеулі балалар атап өтті

1 мамыр береке, бірлік бастауы. Елді татулыққа үндейтін мейрам қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен шығармашылық кеш өтті.Мейрам аясында ұйымдастырылған шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған 138 баланың 75-і қатысты.Олар 6 ұлтқа бөлініп,әр елдің салтын, дәстүрін, ұлттық тағамдарын, билерін ел назарына ұсынды. Өзара ойындар өткізіп, жеңімпаздарды анықтады. Бір сағатқа созылған мерекелік кештің соңында барлық балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.Сонымен қатар, өңір кәсіпкерлерінің ұйытқы болуымен аз қамтамасыз етілген 10 отбасына азық-түлік себеті және тағы осынша адамға тегін шаштараз қызметі көрсетілді.

Зәуреш Саржанова- қала тұрғыны
«Бұл әлеуметтік ұйым әрқашанда бізді қолдап жүреді. Біз туғаннан 2005 жылы балам туды содан бері жақсы көмектерін көрсетеді.Қолдайды.Баламызды неше түрлі ойындармен, сабақтармен үйретеді. Балам бұл жерге келіп достарымен сөйлеседі,достары бар.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture