Құттықтау. Сара Тлеулина

Бірімізге аяулы ана, бірімізге адал жар, біріміздің әжеміз Тлеулина Сара Сихымбайқызы 60 жасқа толды. Құрметті анамызды шын жүректен мерейлі туған күніңізбен құттықтаймыз!

Сізге ұзақ өмір, мол бақыт, зор денсаулық, тілей отырып, балаларыңыздың, немерелеріңіздің қызығына тоймай, ортамызда ақылшы болып жүре беруіңізге тілектеспіз!

Асқар таудай әкемізбен бірге өмірдің өрінде, отбасы төрінде, қартаймай, нәсібеңіз ортаймай жүре беріңіз!

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзді қуанышпен келесің.
Құтты болсын 60 жасың, Анашым,
Өзіңізді бір құдайым демесін!

Ана деген атқа иесің керемет,
Бар қасиет жүгін жиған сөрелеп.
Ана сенің мейрамыңда бүгінгі,
Бергім келер бақ тұлпарды өрелеп.

60 жасқа келді бүгін жасыңыз,
Бұлақтай боп ортамызда тасыңыз.
Балаларың бақ тілейді әрқашан,
Әлі талай қызық көрер басыңыз.

Аяулы анам, ұзақ болсын жасыңыз,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Әкемізбен қол ұстасып мәңгілік,
Немере сүй, шөбере сүй,
100-ге келсін жасыңыз!

Гүлді өмірде, нұрлы өмірде осынау,
Аман жүрсін қасыңызда атамыз.
Денсаулығыңыз мықты болып әрқашан,
Аман жүріңіз, айналайын, әжетай !

Т/б: жолдасы – Сағат, балалары: Амангелді-Венера, Асқар-Майра, Саят, немерелері: Аңсар, Бақытжан, Айсұлу, Дильназ, Тайыржан.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture