Құттықтау. Алма Ақылбаева

Қадірлі Алма! Сізді бүгінгі 50 жас мерейлі туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сіз ширек ғасыр өміріңізді ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз-анасыз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, қыстай қатты денсаулық, көктемдей күмбірлеген көңіл, жаздай ыстық сағыныш, күздей салқын сабырлық тілейміз.

Келінімсің кішіпейіл ел мақтаған,
Әдепті тұла бойға сен сақтаған.
Әже атанып, 100-ге жет денің сау боп,
Кетпесін күлкі жүзден жел қақтаған.

Қиындық көрме, ешқашанда жасыма,
Тек амандық тілейміз сенің басыңа.
Бүгінгі мерейтойың құтты болсын,
Қосыла берсін тағы жас-жасыңа.

Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшағыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп сізге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!

Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.

Денсаулығың мықты боп,
Ұзақ өмір сүре бер.
Әрқашанда аман боп,
Ортамызда жүре бер.

 

Т/б: анасы Бибіжамал
қайын апа –сіңлілері
күйеу балалары

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture