Күн жылысымен қала көшелерінде скутер, мотоцикл, мопедтер көбейіп келеді. Сол себептен жол потрульдік полиция қызметкерлері екі дөңгелікті көлік иелеріне тексеріс жұмыстарын бастады. Өйткені, шаһарда 300-ге жуық мотоцикл тіркеуде тұр. Ал скутерлер тіпті есепке алынбаған. Бірақ, заң бойынша мұндай темір тұлпарлардың барлығы көліктер қатарына жатқызылады. Сондықтан, оларда жүргізуші куәлігінен бастап, сақтандыру қағазы, техникалық құжаттарына дейін болуы тиіс.
Алмас Қалиашев- Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Мото транспорт иелерінде міндетті түрде жүргізуші куәлігі, көлікті өз атында екендігін растайтын құжаттар болуы керек. Және жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік бас киімін киіп отырулары қажет. Болмаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады».
Ал рейд жұмыстарының алғашқы күнінде бір мотоцикл айыппұл тұрағына кірігізілді. Өйткені, 28 жастағы балқаштық тұрғын екі дөңгелекті көлікті жүргізуші куәлігінсіз, нөмірсіз, сақтандыру құжатынсыз басқарған. Сондықтан оған 80 мың теңге айыппұл салынды. Енді заңға қайшылық келтірген ол — қарызын өтеген соң ғана мотоциклін алып кете алады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login