Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Онда 30-ға жуық жұмыс беруші екі қолға бір күрек іздеп жүргендерге 200- ден астам қызмет орындарын ұсынды.
Жұмысссыздар таңғы 11- де «Нұр Отан» партиясының ғимаратына жиналды. Бірі сәтін салып, қалағанын тауып жатса, енді бірі құр қол қайтты. Олардың көбісі заңгер, қаржыгер және теміржол мамандығы бойынша жұмыс іздеп келгендер.
Қала тұрғыны: «Жеңіл жұмысқа кіргізсін деп ойлап едім. Соған келдім. Таптым. Қорғау қызметі. Охрана».
Қала тұрғыны: «50-60 мыңның көлеміндей жалақы беретін жұмыс іздеп жүрмін. Өз мамандығым заңгер. Мамандық бойынша жұмыс әзірше тапқан жоқпын».
Қала тұрғыны: » Темір жолға мүлдем бос орын жоқ».
Жәрмеңкеде ұстаздар қауымы, құрылысшылар, аула сыпырушылар әсіресе күзетшілер сұраныста болды. Бір ғана Қорғау қызметінің өзі 50 бос жұмыс орнын ұсынса, «Балқаш Универсал»10 аула сыпырушыны іздеп келіпті. Алайда, бірінде жалақы аз, ал бірінде талап жоғары болғандықтан ба, бұл бос жұмыс орындарына ешкім қызыға қоймаған.
Бәрінен бұрын түзету мекемесінен шыққандар мен шартты түрде бас бостандығынан айырылғандардың жолы болды. Бүгін пробация қызметі ертіп келген 5 азаматтың төртеуі өзіне жұмыс тауып қайтты. Бірі еден жуушы болып орналасса, екіншісі аула сыпырушы, ал, қалған екеуі әр түрлі жұмыс атақарушы болып қызметке тұрды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге келген балқаштықтардың тек 10 шақтысы ғана өзіне тұрақты жұмыс таба алды. Сұранысқа ие мамандық меңгергісі келген 5 адам қайта оқуға жіберілді. 3 балқаштық қоғамдық жұмысқа қабылданды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login