Әкімшілік құқықты бұзып, оған салынған айыппұлды өтемеген 9 тұрғын 5 күнге дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үй-үйді аралауға кіріскен құқық қорғау мамандары 40 адамға ескерту қағаздарын таратты. Енді олар бір аптаның ішінде айыппұлдарын өтемес, темір торға тоғытылуы мүмкін.
Рейд барысында құқық қорғау қызметкерлері ең бірінші 19 жастағы азаматтың пәтеріне бас сұқты. Студент бір жыл бұрын скутерді бас киімсіз басқарғандықтан полицейлердің назарына іліккен. Алайда, жұмыстың жоқтығынан 10 мың теңге қарызы әлі өтелмепті.
Ал әкімшілік құқықты бұзған мына үйдің 28 жастағы тұрғыны үйінде болмай шықты. Бірақта, анасына ескерту қағазы қалдырылды. Өйткені, өз басында үш көлігі бар азамат бір жылдың ішінде 6 рет жол ережесін бұзған. Сол үшін қазынаға 159 мың теңге қарыз.
Мәди Әбішев- қалалық прокуратураның прокуроры
«Бұл рейдттік жұмыстар аптаның соңына дейін жалғасады. Осы аралықта біз барлық құқық бұзған адамдарды қамтып өтеміз. Қала тұрғындарына айтарымыз алдағы уақытта әкімшілік құқық бұзушылықтарын өтемеген жағдайда 5 тәулікке дейін қамауға алатымызды айтамыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login