Әрбір балқаштық отбасында кем дегенде үш телефоннан бар

Қарағанды облысының әрбір отбасында кем дегенде үш ұялы телефон, бір көлік, бірнеше тұрмыстық техникалар бар екен. Статистика департаменті қарағандылық жанұялар қаншалықты өмірге қажетті заттармен жабдықталғаны туралы санақ жүргізді. Ал есеп сауалнама арқылы анықталды. Белгілі болғандай, орталық облыста тұратын 100 отбасын алғанда-олар 140 теледидар, 107 тоңазытқыш, 101 кір жуатын машинамен қамтамасыз етілген. Ал сол жүздің тек төртеуінде ғана үй кинотеатры бар екен. Және әрбір үшінші жанұя жеңіл көлікпен қатынайды. Бірақта, барлығында шаңсорғыш, фотоаппарат, бейнекамера мен әуенді аспаптар жоқ. Дей тұрғанмен, қарағандылықтар ұялы телефонның түр-түрін, бірнешеуін қолданады екен.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture