«Горкомхоз» директоры Мусин Болатпен сұхбат

«Горкомхоз-2012» ЖШС мекемесінің директоры Мусин Болат Жарылғапұлымен сұхбат

«Горкомхоз-2012» мекемесі қаланы қоқыстан тазартумен айналысатынын білеміз. Ал одан басқа тағы қандай қызмет атқарсыздар? Балқаштықтар қандай сұрақтар бойынша сіздерге жүгіне алады?
— Сонымен қатар,  қала сыртындағы свалка біздің қарамағымызда. Сол жерде қаладан келген қоқыстарды іріктеумен, жоюмен айналысамыз. Осы екеуі біздің басты жұмысымыз.

Бізге тұрғындардан аула тазалығына байланысты көп сұрақтар қояды? Соның ішінде «Горкомхоз» тек әкімшіліктің маңайын сыпырумен шектеледі дейді. Сол қаншалықты рас?
— Жоқ, ол дұрыс емес. Бізде арнайы смета бар. Сол қағазда барлығы жазылған. Биыл 20 көшені жинастырамыз. Оның ішінде Спицына, Ағыбай Батыр сынды көшелер де бар.
Сіздердің мекеме бұрын ірі габаритті тасумен айналысатын, ал қазір тұрғындар қайда хабарласуы керек?

— Жыл сайын ірі габаритті қоқыстарды таситын мекемені анықтау үшін байқау өтеді. Биылғы жылы «Балқаш Универсал» жауап береді. 
Үйлердің ауласын жинаумен кім айналысады?
—  Осыдан екі жыл бұрын біз айналысатын едік. Бірақ, 2015 жылдың желтоқсан айынан бері КСК- мен келісімшартқа отырып, солардың жауапкершілігіне тапсырған болатынбыз. Алайда, барлығын КСК-ға сілтеп отыра беруге де болмайды. Тұрғындар өздері де аптасына бір рет болсын ауланы жинастырып, балалар ойнайтын алаңды сырлауға, сынған жері болса жөндеп қоя салу керек деп ойлаймын. Ол жерде балалар ойнайды, өздері де демалуға шыққанда жақсы емес пе?! Үйдің тазалығы, жинастыру жұмыстарын КСК мен біріге, бірлесе отырып жасаған дұрыс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture