Балқашта 150 бос орынға жұмыскерлер іздейді

Қалада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Шара Нұр Отан париясының ғимаратында сағат 11-де басталады. Онда білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары секілді 30-ға жуық жұмыс беруші өздеріндегі 150 бос жұмыс орындарын ұсынбақ. Әсересе ұстаздар мен құрылыс мамандары сұранысқа ие. Мысалы, оқу орындарына, математика, физика және қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері қажет болса, құрылыс нысандары монтаждаушы, тас қалаушы, арматуршы және бетоншыларды іздейді. Сондай-ақ слесарь, электрмонтер, дәнекерлеруші секілді мамандар да өздеріне керектісін таба алады.

Назгүл Оқубаева-Жұмыспен қамту орталығының маманы
«26 сәуір күні бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Соған орай барлық жұмыс іздеп жүрген азаматтарды шақырамыз. Өздеріңізбен бірге түйіндемелеріңіз бен жеке бас куәлігі болу қажет.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture