Балқашта 11 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл қаладағы 11 мектеп пен бір балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Жергілікті қазынадан ағымдағы құрылысқа 343 млн теңге, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін тағы 245 млн теңге қаржы бөлінді. 1 — маусымнан бастап №1,4,7,8,10,16,17,23,25, 3 интернат, қалалық гимназия және «Балауса» балабақшасында қабырғалар әктеліп, сырланып, жаңа шатыр салынып, электр мен жылу жүйесі ауыстырылады. Оған қоса, 6 мектепте зертханасы бар физика, химия, биология мен 8 робототехника кабинеттері ашылады.

Айдос Қуанышбаев- қалалық білім бөлімі жетекшісінің орынбасары
« Биыл барлық мектептерге 36 комплекті оқушылардың партасы мен орындықтары ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары барлық мектептерде бірінші маусымнан басталып,10 — тамызға дейін аяқтауға дайынбыз».

Ал қалалық гимназия мен №17,10 мектеп алаңдарында заманауи баскетбол, волейбол алаңдары тұрғызылады. Сонымен қатар, бөлінген қомақты сомаға 20 дана интерактивті тақта, 60 мультимедиялық проектор, 300 компьютер сатып алынады. Және №2, 3 интернат пен оқушылар сарайы шағын автобуспен толығады.

Ағымдағы жөндеуден өтетін мектептер тізімі:
№ 1 № 16
№ 4 № 17
№ 7 № 23
№ 8 № 25
№ 10
№ 3 мектеп интернат, қалалық гимназия
«Балауса» балабақша

Жаңадан ашылатын кабинеттер:

Физика (№24, №25)
Химия (№9,№16)
Биология (№1,қалалық гимназия)

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture