Балқашта үздік бейнеоператорды таңдайды

Ұлы Жеңіс күніне орай қалалық жастар ресурстық орталығы балқаштықтар арасында байқау жариялайды. Оған қатысып, үміткер атану үшін 3 минуттық бейнеролик түсіру қажет. Және бейнематериал бейбіт күнді сыйлаған ардагерлердің ерліктерін ардақтауға, жеңіс күнін насихаттауға бағытталуы тиіс. Бейнероликті телефон немесе камераға түсіруге болады. Бастысы сапасы жақсы болуы керек. Кейін қазылар алқасы үздіктерді анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Әнел Медеубаева-Жастар ресурстық орталығының маманы
«Бұл 24 сәуір және 4 мамыр аралығында өтеді.Жұмыстар 3 минуттан аспауы керек. CD,DVD дисктеріне жазылып, AVI форматында тапсырылады.Үздік жұмыстар қаламыздың лед экрандарында, Өркен медиа телеарналарында жарияланып, бағалы сыйлықтармен марапатталады».

Сондай-ақ 9- мамыр күні қаламызда «Мәңгілік өшпес полк» тарихи-патриоттық қозғалысы өтеді. 2015 жылдан бастап ұйымдастырылатын салтанатты шараға кез-келген балқаштық қатыса алады. Ол үшін ұлы жеңіске үлес қосқан ата-бабаларының суреттерін қағаз бетіне шығарып, 9 — мамыр күні шеруге келу керек. Өшпес марш Желтоқсан көшесінен басталады.

Мадина Базылова- Жастар ресурстық орталығының маманы
« Ол қозғалысқа қатысу үшін А3 форматында осындай суреттерді шығарып, жастар ресурстық орталығына келіп өтініштерді білдіріп 9 мамыр күні өтетін Желтоқсан көшесі бойына шақырамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture