Облыстық полицейлер 26 келі гашиш есірткісімен Шу қаласының тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары 28 жастағы азаматтың Тауата маркалы көлігін қалаға кіре беріс тұста тоқтатып, бірнеше пакетке толы жасыл шөпті тәркіледі.
Биыл қаладағы 11 мектеп пен бір балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Жергілікті қазынадан ағымдағы құрылысқа 343 млн теңге, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін тағы 245 млн теңге қаржы бөлінді.
Православие діні өкілдері үшін ертең ата-аналар күні. Олар бұл күні зират басына барып, дүние салған жақындарын еске алады.
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың маршруты өзгерді. Олар 3, 3 «А», 12,14, 15,16. Бұл қоғамдық көліктердің барлығы енді Ағыбай батыр көшесі арқылы Қараменде биге өтіп, Уалихановаға бұрылады.
Мерекеге толы мамыр айы. Ұлы Жеңіс күніне орай қалалық жастар ресурстық орталығы байқау жариялады. Оған қатысып, үміткер атану үшін 3 минуттық бейнеролик түсіру қажет.
Қала оқушылары жер күнін экологиялық фестивальмен атап өтті. Оқу орындарынан келген 4 команда 3 кезеңнен тұратын сайыста білімдерін сынады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login