Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 автобустың маршруты өзгерді. Бүгіннен бастап Мир көшесінің жолы жабық. Жұмыскерлер Ленин көшесінен №4 мектеп бойындағы бағдаршамға дейінгі телімді жөндеуде. Осыған байланысты, 3, 3 «А», 12,14, 15,16 автобустар уақытша Ағыбай батыр көшесі арқылы Қараменде биге өтіп, Уалихановаға бұрылады. Сол көше арқылы Ленинге шығып әрі қарай өз маршруттары бойынша қозғалады. Мұндай қолайсыздық 27 сәуірге дейін жалғасады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login