Балқаштық оқушылар жер күнін атап өтті

Қала оқушылары жер күнін экологиялық фестивальмен атап өтті. Оқу орындарынан келген 4 команда 3 кезеңнен тұратын сайыста білімдерін сынады. Алғашқы кезеңде ЭКО үйірмелердің жұмысы мен зерттеген ғылыми жобалары бағаланып, бұл сында 9 мектептің оқушылары үздік екендіктерін дәлелдеп шықты. Ал, екінші кезеңде қатысушылар жасыл экономиканың маңызы мен мәнін түсіндірсе, үшінші турда әр командаға жеке-жеке тапсырма берілді. Соңында жалпы ұпай бойынша №7 мектеп гимназиясы алға шықты. Күміс 16 мектепке бұйырса, 5 мектеп қолаға қол жеткізді.

Аружан Шлатай-№9 мектеп командасының капитаны
«Біз жасыл экономиканы байланыстырып үгіт насихат жүргіздік. Ол үгіт насихатымызда біз арнайы қоқыс жәшігіне салу керектігін айттқ. Түсіндірдік. Басқа елдерде шыныны шыныға, қағазды қағазға салатын жәшіктер бар. Сондай жәшіктер біздің Балқаш қаласында болса деп армандаймын.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture