Балқаш қаласының әкімі коммуналшылар мен мердігерлердің басын қосып, шаһар ішінде жасалып жатқан құрылыстың қарқынын тексеріп шықты. Атқарылған жұмыс сапасын саралады. Анықталғандай, құрылысшылар бекітілген уақыттан кешігіп жатыр. Оған қоса, жөндеу жұмыстарында шикілік бары белгілі болды.
Тексеріс жұмыстардың бірінші нүктесі-Ағайынды Мусиндер көшесі. Мұндағы құрылыс наурыз айының соңында басталды. Құрылысшылар қазір жолдың ескі қабатын алып тастағанымен, жұмыстарын тоқтатуға тура келді. Өйткені, Балқаш Су мекемесі 160 метрлі құбырды ауыстырып, үстін ескі балшық-сазбен тегістеген. Ал ол қоспа ұзақ кебетіндіктен жаңа асфальт әзір төселмейді.
5 мамырдар тапсырылу керек жұмыс бір аптаға кешігіу мүмкін. Оның себебін Теміртаудан келетін құрылыс заттары су тасқынынан байланысты кеш жеткізілді деп түсіндірді.
Ал қаланың өзге көшесіндегі құрылыс қарқыны жақсы. Мердігер компания Қазбекова мен Уәлиханов көшелерінің бойына үш мың шаршы метр қиыршық тастарды мерзімінен бұрын салып бітеміз. Және кейін жарық пен орындықтар орнатып, күл-қоқыс тастайтын жәшіктерді қоятын боламыз деп отыр.
Сонымен қатар, өңір басшысы бір күннің ішінде Рысқұлов пен Мир көшелерінің жолдарын ,оқушылар сарайының құрылысын, Язев көшесіндегі жарық жүйесінің жұмысын көзбен көріп қайтты. Жауапты мамандарды сынға алып, кеңесін берді.Енді мұндай тексеріс апта сайын жүргізілетін болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login