Әнуар Сәмиев балқаштықтарға ауыз судың хлорланатынын хабарлайды

Қалада ауыз суды хлорлау дүйсенбіден бастап жүргізілетін болды. Мамандар сәуір айының 24,25,26 күндері аралығында тіршілік нәрін толық тазалайды. Бұл күндері 3 резервуарға толы хлорлы су құбыр арқылы балқаштықтарға жіберіледі. Сәйкесінше, үш күн бойы сұйықтықтың бір литрінде 50 мг-ға дейін хлор ерітіндісі болатындықтан, үйге келген суды ішуге болмайды. Сондықтан 27 дейін ауыз суды ыдыстарға толтырып алған дұрыс болар. Ал естеріңізде болса, мамандар сәуір айының басында суды хлорламақ болғантын. Бірақта, Балқаш Су мекемесінің мамандары дайындық жұмыстарын уақытылы атқармағандықтан кейінгі шегерілді.

Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Ауыз суды хлорлау дүйсенбіден бастап жүргізіледі. Ал оның алдында Балқаш Су қызметкерлері резервурларды толтырып, тазалыққа дайындық жұмыстарын уақытылы жасамаған. Сондықтан арнайы комиссияның шешімімен Балқаш Су мекемесінің бас инженері, участік бастығы жазаланды»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture