Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сәуір айының 20-21 аралығында журналистика бойынша IX Республикалық пән олимпиадасы өтіп жатыр.
Алғашқы күннен-ақ өзінің дарxан көңіл қонақжайлығымен еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған жас журналистерді Қызылорда жұртшылығы құшақ жая қарсы алды. Білім додасының алғашқы күнінде қатысушылар Университет мұражайында болып, сонымен қатар, «Арxелогия және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залдарымен, заманауи үлгідегі «Физика-xимиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертxана жұмысымен танысып, олимпиада шымылдығын ашты. Студенттер Сарайында сайыстың ашылу салтанаты өтіп, Сырдың өнерлі ұл-қыздары концерттік бағдарламамен көпшілікті тамсандырды. Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушылар топ аты, эмблемасын, ұраны мен өздерін таныстырып өтті. Екінші кезеңде қатысушылар ұсынылған тақырып бойынша эссе жазып, шығармашылықтарын танытты.
Сыр елінің өнерлі ұландары, қос ақын Мақсат Дауылбай мен Сұлтанбейбарыс Бақытбектің шығармашылық кешін тамашалап, жас ақын Сұлтанбейбарыстың жыр жинағының тұсауы кесілді. Оқу ордасының ректоры Қ.А.Бисенов сайысқа қатысушылар мен жетекшілерге қонақжайлылық танытып кең дастархан жайды.
Байқаудың екінші күні жас журналистер пән бойынша тест тапсырып, білімдерін сынға салды. Соңғы айналым «Жедел ақпарат» кезеңінде топтарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде екі күнге созылған пән олимпиадасы жайлы ақпаратты электронды БАҚ-на жариялау міндеттелді. Бірер сағаттан соң жабылу салтанатында топтарды марапаттау рәсімі өтеді. Білім бәйгесінің қатысушыларына алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!
Қызылорда қаласы көрнекті жерлерімен бізді сөзсіз тәнті етті. Ең бастысы бұл аймақта қазақ халқының төл дәстүрлері, салт-санасы, әдет-ғұрпы берік сақталған. Біз, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, Сыр елінің танытқан ақ пейілі мен университеттің ұстаздары мен білім алушыларының дарxан көңіліне алғыс білдіреміз!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login