Балқашта моторлы қайық өртеніп кетті

Пластикалық қайық қара түтінге оранып, жанып кетті. Оқиға сағат 12- де орын алды. Қожайын қайықты жазға дайындамақ болып, жөндеу жұмыстарын бастаған. Содан ішіндегі бір бөлшегін шайқайрақпен кесіп жатқан кезінде, оның ұшқыны керосинге тиген. Салдарынан тілсіз жау тез тұтанып, лапылдай түскен. Бірақта, мамандар 6 шаршы метрді құраған қызыл жалынды 14 минуттың ішінде ауыздықтар үлгерді.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрттің орын алуына қожайынның өрт қауіпсіздігін сақтамағаны себеп болды. Өйткені, шайқайрақтың ұшқыны керосинге тиген.Абырой болғанда қайық иесі аман, зардап шекпеді.»

Видео сілтемеде https://vk.com/orken_media?z=video212441942_456239040%2F5c19ca40c4085cba46%2Fpl_wall_-50433089

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture