Автотұрақтағы күзетшінің дүңгіршегі өртке оранды. Абырой болғанда түнгі екіде орын алған тілсіз жаудан жұмыскер аман қалды. Түн жарымда дүңгіршектен будақтаған қара түтінді өтіп бара жатқандар байқап, өрт сөндірушілерге хабарлаған. Ал оны естіп оқиға орнына жеткен мамандар сырты темірден қапталған, іші ағаштан жасалған үйшіктен шыққан өртті ауыздықтауға бірден кірісті. Ол үшін жарты сағаттай уақыт жұмсалды.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрт кезінде күзетші дүңгіршектен шығып кетіп, түтінді байқамаған. Ол аман есен. Ал тілсіз жау қысқа тоқтың тұйықталуынан орын алған.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login