Жыл басынан бері туғандарына екі ай ғана болған 20 шақты сәбиден пневмония дерті анықталды. Бұл санақ өткен жылдармен салыстырғанда бірінші рет тіркеліп отыр. Ал дәрігерлердің айтуы бойынша мұндай көрсеткішке ананың нәресте күтіміне немқұрайлы қарауы себеп дейді. Өйткені, жаңа туылған бала алғашқы үш күнінде қоршаған ортаға біртіндеп бейімделеді. Жарық дүниенің алғашқы күндері сәбиді қоғамдық жерлерге апармай, у-шудан таса ұстаған дұрыс дейді.
Лидия Муртазалиева –Орталық аурухананың педиатрия бөлімше меңгерушісі
«Баланы қосымша тамақтандырғаннан көрі, емізген дұрыс. Ол балаға барлық дәрумендерді береді. Және баланы 40 күнге дейін, бұрынғы салт-дәстүр секілді қоғамнан тыс, жеке ұстаған дұрыс. Өйткені нәресте екі айға дейін бейімделіп, дамиды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login