Зауыт жұмыскерлері төтенше жағдайға дайындықтарын пысықтады

Зауыт жұмыскерлері төтенше жағдайға дайын ба? Оны білу үшін кәсіпорын алаңында оқу- жаттығу жұмыстары өтті. Сценарий бойынша зауытта өрт шығып, өндіріс ошағы толық тоқтатылады. Қызыл жалынды мамандар сөндіріп, дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Осындай төрт кезеңнен сүрінбей өткендер ақшалай сыйақыға ие болды.

Қаладағы мырыш зауытында өрт оқиғасы тіркеледі. Онда жанармай жанып, айналаны көк түтін басады. Ал қызыл алауды ауыздықтау үшін арнайы көпіршік қолданылады. Міне, сценарий бойынша оқу жаттығу осылай басталады. Ол кезде не істеу керектігін мамандар алдын- ала шеберлік сағатында көрсетті.

Лапылдаған қызыл жалыннан зауыттың жұмысы тоқтап, химиялық бөлігі істен шықты. Оған қоса, бір қызметкер ғимараттың ішінде қалып қойды. Оны құтқару үшін арнайы бригада ішке кіріп, зардап шеккен азаматты 5 минуттың ішінде далаға алып шығарып үлгерді. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман сақтап қалды.
Осылайша, төтенше жағдай кезінде шеберліктерін көрсеткен өрт сөндірушілердің орнына балқытушы, электрик, механик командалары келді.

Сөзден көрі іске жақын мамандар бірден тапсырманы орындауға кірісті. Қатысушылар алғашқы кезеңде 20 метрлік өрт құбыршегін көлікке жалғап, тілсіз жауды ауыздықтау керектін. Нәтижесінде бұл сайыста мыс балқыту цехінің құтқарушылары шапшаңдық танытты.

Арман Смағұлов – сайыс ұйымдастырушысы
«Жарысқа 4 команда қатысып жатыр.Олар күнделікті жұмыста өздерінің міндеттерін атқарады. Тек төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ат салысады.»

Кейін 4 команданың басын қосқан жарыс теория мен практикалық сынақпен жалғасын тапты. Нәтижесінде, мыс балқыту цехінің жұмыскерлері төтенше жағдайға төтеп бере алатындықтарын көрсетті. Олар бас жүлде — 90 мың теңгеге ие болды. Ал екінші орынға тұрақтанған мырыш зауытының қызметкерлеріне 70 мың теңге, оттегін өндіретін кәсіпорынға 40 мың теңге үлестірілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture