Балқашта 9 сынып оқушысынан ақша талап етіп бопсалаған екі сыныптас ұсталды.

Балқашта 9 сынып оқушысынан  ақша талап етіп, бопсалаған екі сыныптас ұсталды. 15 жастағы екі оқушы өздерімен қатарлас, тек басқа сыныпта оқитын баламен сөйлеспек болып қастарына шақырады. Бірақ бопсалаушылардың сөзіне сенбеген оқушы шақырғанға бармай кетіп қалады. Ал ол бұзақылардың намысына тисе керек, келесі күні жасөспірімнен 5 мың теңге талап етеді. Және олардан қорыққан оқушы ақшаның орнына қолындағы ұялы телефонын бере салған. Алайда,оны жәбір көрген баланың анасы біліп қойып, ішкі істер бөліміне шағым түсірген. Нәтижесінде, 15 жастағы екі бала ұсталды. Жасаған істерін мойындады, есепке алынды.

Мария Гиждевская – кәмелетттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы
Бопсалаумен айналысқан екі балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар жасаған істерін мойындады. Және есепке алынды. Енді олар бұл әрекеттері үшін балаларға арналған түрмеге қамалулары мүмкін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture