#ЭкоБалқаш. Бір адам бір ағаш отырғызса

Бір адам бір ағаш отырғызса…

1. 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз ете алады.
Алайда, газдың кесірінен оның қабілеті 10 есе әлсірейді.
Балқашта 80 0000 тұрғынға 30 000 ғана ағаш бар
Ал қажет 270 000 ағаш
Осы санға жеткенде жасыл желек адамдарды улағыш заттардан қорғай алады

2.10 ағаш тек 1 ғана автокөліктің зиянын жоя алады
(Балқашта 13 000 автокөлік бар)
Әр көлік иесі 10 ағаш отырғызғанда ғана, қоршаған ортаға тигізген зиянын азайта алады

3. Тыныс алу жолдары аурулары – Балқаш бойынша бірінші орында тұр. Ағзаны қорғау үшін ағаш отырғызған пайдалы. Олар улағыш заттардың концентрациясын төмендетеді. Ағаш жапырақтары күкірт тотығын, көміртек тотығын, шаңның қатты бөлшектерін жұтады

4. Жас ағаштар көбірек оттегі бөледі

5. Ағаш отырғызу – адамның өмірлік парызы, оның жемісін келер ұрпақ көреді. Ағаш бар жерде ауа таза, жер құнарлы.

6. Үндістанда 80 000 тұрғын бір тәуліктің ішінде 50 миллион ағаш отырғызған.
Екі Қытай азаматы, бірі – соқыр, бірі – қолсыз 12 жыл ішінде 10 000 ағаш отырғызған

Бастапқыда Балқаш жағалауында бірде бір ағаш болмаған. Ең бірінші көшеттерді Балқашқа келген алғашқы адамдар жақын жердегі ауыл, қалалардан әкеліп отырғызған. Солай, орталық парк пайда болды, қалада ағаш өсе бастады.
1970 жылға қарай жергілікті тұрғындардың еңбегімен Балқаш облыстың ең жасыл қалаларының бірі атанды.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет…

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture