Балқаштық 5 кикбоксшы Қарағандыда өткен облыстық жарыста чемпион атанды. Қанат Балажанов, Әділ Алпысбаев, Мәди Ескелді, Сұлтан Кәрібеков атты ұлдар мен жалғыз жеңімпаз қыз Аяулым Кенжехан 100-ден астам спортшылардың арасында өз салмақ дәрежелерінде жеңісті қолдан бермеді. Ал Әділжан Тойшыбай, Нұрхан Байжұмартов, Дарын Кенжебеков, Арман Дуанбеков пен Ишарат Терлікбай II орынды иеленіп қайтты. 12 мен 14 жас аралығыдағы жарысқа қаламыздан 15 бала қатысты.
Енді алтынды олжалап қайтқан балқаштық 5 кикбоксшы маусымда Ақтөбе қаласында өтетін Республикалық чемпионатта күш сынасады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login