Борышын өтемеген 600 балқаштық әскери билетке ие болады

Биыл Отан алдындағы борыштарын өтемеген 600-ден астам балқаштық әскери билет алатын болды. Өйткені, 27 жаста әскери міндетті атқару уақыты аяқталады. Дей тұрғанымен, олар 45 жасқа дейін әскери міндеттілер болып табылады. Ал 2017 жылдың көктемгі шақырылымында 320 азамат медициналық тексерістен өтулері тиіс. Және құжатта неліктен әскерге бармағандығын көрсетулері қажет. Мұндай жағдайда көбісі үйленіп, балалы болғандықтан Отан алдындағы борыштарын өтемей жатады. Бірақ, ондай азаматтардың денсаулықтарында кінәрат болмай, әскерге жарамды болса, олар әскери билетке ие болады. Бүгінгі күні 160 -ы дәрігерлердің қабылдауында болып, әскери запасқа қабылданды. Ал қалғаны маусым айына дейін әскери комиссариатқа келулері қажет.

Нұржан Аманжолов – Балқаш қаласының қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімнің басшысы
«Әскерге барғандар әскерде жүріп белгілі бір лауазымға ие болады. Ал егер шақырылушы әскерге жарамсыз болса, ол әскер қатарына, запасқа қабылданбайды.Бірақ, әскерге барып үлгермей үйленіп кетсе онда ол жарамды болып, тізімге енеді. Және олар арнайы оқудан өтеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture