Төрт күннен кейін Балқашта жылу маусымы аяқталады. Ауа температурасының тұрақты болуына байланысты 17 -сәуір күні шаһар, Қоңырат мөлтек ауданы мен Саяқ кенті жылудан толық ажыратылады. Биыл жалпы өңір аймағында жылу үздіксіз беріліп, төтенше жағдайлар орын алмады. Балқаштағы жылу электр станциясы тоқтаусыз жұмыс істеп, Қоңыратта 2 қазандық, Саяқ кентінде 22 кішкентай қазандықтар тұрғындарға жылу таратты. Ал келер жылдың жылу маусымына дайындық жұмыстары мамыр айында басталады. Биыл Су Жылу Транс мекемесі қала бойынша 10 км құбырды ауыстырып, насостық бекеттерде жөндеу жұмыстарын іске асырады. Ол үшін бюджеттен 178 млн теңге қаржы қарастырылды.
Әнуар Сәмиев- ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Егер ауа температурасы 8 градустан жоғары болып, соңғы үш күнде тұрақты болса жылуды тоқтатуға болады. Сондықтан қалада жылу жүйесі 17 сәуір күні аяқталады. Және мамырдан бастап келер жылға дайындық басталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login