Балқашта қате жарнамаларды арнайы мобильді топ тексеруге кірісті

Сауда нүктелеріне ілінген жарнаманың дұрыстығын арнайы мобильді топ тексеруге кірісті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарымен бірге бізде шықтық. Ең бірінші болып бір  дүкен көзге түсті. Онда көрнекті ақпараттардың барлығы тек орыс тілінде жазылған. Мемлекеттік тілде бірде-бір сөз жоқ. Заң бойынша кез-келген мәлімет екі тілде, оң жағында қазақша, сол жағында орысша жазылу керек. Ал, Назым тіс емдеу орталығында мұндай қате болмағанымен, орталықтың аты жазылған сөзде соңғы әріп түсіп қалған. Бұл да заңға қайшы. Мобильді топ мүшелері осындай қателік жіберіп отырған орта және шағын бинес өкілдеріне бүгін ескерту жасап, сыртқы жарнаманы қайта түзеуге 10 күн уақыт берді. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін кемшіліктердің жойылғанын анықтау мақсатында мамандар тағыда тексеріске шықпақ.

Марал Құрманбаева-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы
» Көбінесе тек орыс тілінде жазылып жатады көрнекті ақпараттар. Немесе кейбір әріптер жетіспейді. Егер қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне хабарласуға болады. 4-77-51 телефон арқылы.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture