Жаңадан салынатын жолдың сапасын партиялық бақылау посттар қадағалайтын болады. Оның құрамына депутаттар, ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелері енеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өткен қоғамдық кеңес отырысында мәлім болды. Сондай-ақ жиында ТКШ бөлімінің басшысы Әнуар Самиев қаланың 80 жылдық мерейтойына орай жасалатын жұмыстар жайында есеп берді. Айтуынша, биыл қала бойынша 12 көше орташа жөндеуден өтеді. Мәдениет сарайының артында жаңа саябақ пайда болады. Онда жарық орнатып, ескі 2 фонтанды қайта қалпына келтіруге, қоршау жасауға бюджеттен 100 млн теңге бөліген. Сонымен бірге, шаһар бойынша 5 ауланы аббаттындыру жұмыстарына 150 млн теңге қарастырылған. 126 млн теңгеге Қазбекова, Қараменде би, Байсейітова, Әлімжанов көшелерінің бойына тротуар салынады. Деседе, халықты жаңадан салынатын жолдардың сапасы алаңдатып отыр. Жиында қойылған сұрақтардың көбісі осы мәселеге қатысты болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login