Балқашта жаңа қорымның жолы жөнделуде

Христиандардың қасиетті мейрамдарының бірі Пасха мерекесіне орай жаңа қорымның айналасы тазаланатын болды. Оған қоса, қала басшылықтары 10 жылдан бері шұңқыр –ойық болып қалған жолдарды жөндеуге кірісті.
Бұл аймақта тек ойық жерлер ғана жамалуда. Ол үшін алдымен асфальт құрамында болатын битумды қыздырып алу керек. Бөшкенің ішінде соның 1 тоннасы бар. Мамандар, оны 100-150 градуста от арқылы ыстық ауа жіберіп ерітуде.

Біржан Әлішеров-жүргізуші
«Биту варка дейді. Біз оны асфальт салу үшін пайдаланылады. Мұның ішіне битум құйылады. Воздухпен қыздырып, жолдың жиегіне, сплошный сафальт жасасақта арнайы машина бар, сонымен салынады.»

Битум ерігеннен кейін жол шеберлері оны шұңқырға айналдыра құйып, үстіне асфальт салады. Оны қолмен тегістеп, үстінен автогрейдермен жүріп өтеді. Осылайша жолдың әр ойығы жамалуда. Алайда, әр метр сайын кездесетін шұңқыр мамандардың әбден титығына тиген.

Нұрдәулет Сауытбаев-жол шебері
«Бірнеше жыл жөндеу көрмегеннен кейін, қиын болып жатыр. Кейбір жерде мүлдем асфальт жоқ.  5 мың квадрат жолды жөнге келтіру керекпіз. Жоспар бойынша 2-3 күнде біту керек.»

Тектұрмастан қалалық мешітке дейін созылатын бұл жолдың жөндеу көрмегеніне 10 жылдан асқан. Жол шеберлері бұл аймақты аяқтағаннан кейін, қала ішіндегі көшелерді асфальттауға кіріседі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture