Балқаш жаңалықтары 10 сәуір 2017

Шаһарда үш ай бұрын жоғалып кеткен Ержан Нұркеев табылды. Сәтбаев қаласының тумасын полицейлер Алматы қаласынан Балқашқа жеткізді.

Христиандардың қасиетті мейрамдарының бірі Пасха мерекесіне орай жаңа қорымның айналасы тазаланатын болды. Оған қоса, қала басшылықтары 10 жылдан бері шұңқыр –ойық болып қалған жолдарды жөндеуге кірісті.

Сенбілік жұмыстардың нәтижесі көңілді көншітпейді. Себебі, 200-ден аса мекемелердің тең жартысы тазалық жұмыстарына ат салысар емес.

Парасыз болашаққа бірге!Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен шаһарда осындай акция өтті.

Биыл Балқашта жалпы ұзындығы 8 км болатын электр желілері ауыстырылады. 7 трансфарматор бекетіне жөндеу жұмысы жүргізіліп, есіктері ауыстырылады.

Тіркелмеген қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталды. Үйде заңсыз сақтаулы тұрған қаруын ІІБ өткізгендер, ақшалай сыйақы алады.

Өткен сенбіде қала атынан облыстық Сарыарқа барысына барып, қазақша күрестен күш сынайтын мықтыларды іріктеу турнирі өтті. Онда алдымен 60 пен 90 салмақ дәрежесі аралығындағы жігіттер күресті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture