Балқаш әкімі сенбілікке шықпағандарды жиналысқа салды

Сенбілік жұмыстардың нәтижесі көңілді көншітпейді. Себебі, 200-ден аса мекемелердің тең жартысы тазалық жұмыстарына ат салысар емес. Ал оларға ескерту айтып жалыққан қала басшылығы бүгін барлық жетекшілерді жинап, жиналыс өткізді. Тиісті маманның әрбірін тұрғызып, жауап алды.
Қалада екі айлық сенбілік сәуірдің бірі күні басталды. Тазалық жұмыстарының алғашқы күнінде 250 мекеменің тек 60-ы ғана көше-аулаларды сыпырды. Алайда, осындай санақ өткен сенбіде тағы да қайталанды. Бөлінген учаскелерге балқаштықтардың барлығы шықпады.

Сондықтан бүгін қала басшылығы әкімшілік қызметкерлер мен сенбілікке жауапты мамандардың басын қосты. Тазалыққа немқұрайлы қарайтындарды орындарынынан тұрғызып, емтихан жүргізгендей жауап алды. Және жиналыста белгілі болғандай ішкі істер бөлімі, байыту фабрикасы, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мен СЭС сенбілікке қатыспаған. Ал, бірақ Политех, Медициналық колледж бен мектептердің жұмыстары әкімнің көңілінен шықты.

Сөзін түйіндей келе қала әкімі мамыр айының 30-ына дейін жалғасатын сенбілік аясында тас жолды тазалып, тозығы жеткен баннерлерді алып,бояп, қаладағы дүңгіршектерді қалыпқа келтіру керек деген тапсырма берді. Оған қоса осы сенбіде әктеу жұмыстары басталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture