Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен шаһарда акция өтті. 4 маманнан құралған мобильдік топ өкілдері алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына барды.Ондағы мақсат-сыбайлас жемқорлықты алдын алып, балқаштықтардың шағымдары мен арыздарын шешу.Және де мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, атқарушы орган қызметкерлеріне деген сенімді арттыру.
Бибігүл Секербекова-«Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
«Статистика жағынан сараптаманы көрсек, жемқорлық азайды деп айта алмаймыз. Мүмкін бұрын қатты назар бөлмегеннен кейін кейбір мәселелер назардан тыс қалып жатқан болар. Ал қазір қазір біздің қаламызда ғана емес, бүкіл республика болып жемқорлықпен күресуде».
КСМ: Кейін Ұлттық бюро бастаған топ қалалық әкімшілікте мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Онда белгілі болғандай қоғам арасында пара беру мен пара алу ісі жұмысқа орналасу барысында, жол ережесін бұзған жағдайда және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көп орын алады екен. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін ұлт болып күресу қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login