Биыл Балқашта жалпы ұзындығы 8 км болатын электр желілері ауыстырылады. 7 трансформатор бекетінде жөндеу жұмысы жүргізіліп, есіктері ауыстырылады. Мұның барлығына Балқаш Энерго мекемесі 100 млн. теңге бөліп отыр. Мамандар бірінші кезекте ағайынды Мусиндер, Қараменде би, Сейфуллин көшесіндегі және 2 — мөлтек ауданындағы тозығы жеткен тоқ сымдарын жаңалайды. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін қаладағы 7 трансформатор бекетіне жаңадан метал есік орнатып, сыртына сырлау, сырлау жұмыстарын жүргізеді. Қазір қалада 50 -ден астам қосалқы электр станциясы бар. Жоспар бойынша биыл барлығының сыртқы есігі жаңасына ауыстырылады.
Юрий Снегуров – «Балхаш Энерго» КМК инженері
«Электр сымдарын жаңалау бұрыннан жоспарланған. Биыл міне қаржы бөлініп отыр. Желілерді жаңалауды жарық көп сөне беретін аудандардан бастаймыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login