Хабарландыру Абдыкеров Еркебұлан

Руы Керней – Шаң – Сүйіндік, Абдыкеров Еркебұлан (Жума) Жетпісбайұлының өмірден өткеніне 1 жыл толады.
Жылдық асы сәуірдің 8-і күні МЕШІТТІҢ КІШІ залында сағат 12-ден бастап беріледі. Туған-туыс, құда-жекжат, жолдастарына және танитын, білетін барша көрші-қолаңға хабарлаймыз.

Асыл әке, сағындым бір өзіңді,
Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам бақытты сол кездерімді.

Сағынам сенің жылы сөздеріңді,
«Қызым» деп мейірленген көздеріңді.
Оралмайсың қайтейін, жаным әке,
Қан жылатты бұл қайғы жүрегімді.

Қаламын деп артыңда ойламадым,
Балам-ау, бізді неге ойламадың?
Алланың сүйген құлы бол, жарығым,
Жәннатта болсын жаның – сол тілегім.

Хабарлаушылар: әкесі – Жетпісбай, қызы – Айгерім, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture