Балқаш қаласының екі мұғалімі Қарағанды қаласында өткен «Үздік тарихшы — 2017» облыстық байқауынан жүлдемен оралды. №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Күлзия Бейсекина ІІІ орынды иеленсе, №16 мектеп ұстазы Сұңғат Қалкенов «Үздік қорытынды бақылау» номинациясымен марапатталды. Тарихшылардың білімі сыналған байқауға 367 оқытушының жұмысы келіп түсен. Оның ішінде тек 12 жұмыс іріктеліп аланып, 3 кезең бойынша өзара сынға түседі. Ал бас жүлдені Ақтоғай ауданының тарих пәні мұғалімі ІлиясЖақсыгелдин жеңіп алды. І және ІІ орындарды Саран қаласы мен Қарағанды бөлісті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login