Ардақты да аяулы ана, қимас бауыр руы Төлеңгіт – Мамашық, Ахбетқызы ( Нұрақымқызы) Рымғайшаның бұл фәниден бақиға өткеніне 7 сәуір күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 7 сәуір күні сағат 11.00-ден бастап Саяқ кентінің МЕШІТІНДЕ беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, бауырларына, балаларының еңбек ұжымдарына хабарлаймыз.
Тартылғандай сылдыр қаққан бұлағым,
Бір-ақ сәтте өшті-ау жарық шырағың.
Шығып кетіп қайта кіріп келердей,
Әр дауысқа елеңдейді құлағым.
Асыл Ана, сағындық нұрлы бейнеңді,
Сені ойласақ сағыныш оты кернейді.
Сол сағыныш бар жанымды күйдіріп,
Жоқтығыңа әлі сенгіміз келмейді.
Қу жанды өкініш кеп шымшылайды,
Жүрек іздеп, сыздайды тыншымайды.
Құдай басқа бермесін, Тәңірім-ай,
Жалғыздыққа кім төзіп, кім шыдайды.
Кең пейіл, дархан едің даладай,
Бізге қамқор, қалқан едің анам-ай.
Жоғымызды жасырушы-ең анам-ай,
Бағымызды асырушы-ең анам-ай.
Жүруші едің ортамызды мәнді қып,
Жадымызда ісің қалды жаңғырып.
Жүрегінде ағайын мен туыстың,
Асыл бейнең сақталады мәңгілік!
Қош бол, Ана, иман болсын жолдасың,
О дүниеде Жаратқан Ием қолдасын!
Ізгілікпен жүріп өткен жолыңды,
Келешекте ұрпақтарың жалғасын!
Ас берушілер: балалары: Мұратбек, Қанат, қызы – Шолпан, немерелері, бауырлары, Ахбетовтар әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login