Балқашта құдық қақпақтарын жымқырған 15 тұрғын ұсталды

Мемлекеттің мүлкіне қол салғандар құрықталды. Қала ішіндегі құдық қақпақтарын жымқырған 15 тұрғын ұсталды. Енді олар шығынды өздері өтейтін болады. Жалпы, Балқашта 869 құдықтың қақпағы ұрланған. Оның 440-қа жуығын «Балқаш Су» мекемесі былтыр жапты. Алайда,бақылау күшейтілгенімен, кәріз жүйесі қақпақтарын сатып, пайда табуды көздегендер азаяр емес. Сондықтан, осындай қарақшылардың арқасында шаһардағы шұңқырлардың бәрін жабу мүмкін болмай отыр дейді мамандар. Деседе, биыл пластикалық 300 қақпақ сатып алынды. Қазір коммуналшылар ашық құдықтардың бетін сонымен жабуға кірісті.

Абзал Ақсанов- «Балқаш Су» КМК жетекші инженер
«Бұрын тек қана темір крышкаларды ұрласа, қазіргі таңда пластикалық қақпақтарды ұрлауды бастаған. Пластиктерді негізі жекеменшік мекемелер, үйлер, коттеждер,  рабочий поселоктердегілерге сатады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture