Балқаштың туберкулезге қарсы диспансері жаңа құрылғымен толықты

Қалалық туберкулезге қарсы диспансер жаңа құрылғымен толықты. Жерлестерімізге физиологиялық ем жүргізетін аппаратты алматылық қоғамдық қоры тарту етті. 5 түрлі техниканы демеушілер 1 млн-нан астам қаржыға сатып алған.

Шашубай кентіндегі оңалту орталығында жетекші болып жұмыс істейтін Жанғабыл Күлекешев дәрігерлерге сыйды тарту үстінде. Себебі ол Алматыдағы «Үміт үйі» атты қоғамдық қорының еріктісі болып табылады. Сондықтан оның бүгінгі міндеті Ресейден жеткізілген аппараттарды туберкулезге қарсы диспансер мамандарының қолдарына тапсыру.

Жанғабыл Күлекешев- «Үміт үйі» қоғамдық қорының еріктісі
«Осы орталықтағы  бір-екі адам ауырған, сонда осы ауруханаға жүгінгенбіз. Сол кезде больница басшылығы керек жабдықтарды айтып, өтінінш білдірді».

Ал жаңа құрылғылар бір қарағанда көзге кішкентай болып көрінгенімен, адам үшін атқарар рөлі зор.Мәселен,мынау ультрадыбыстық терапия сүйек-буын, нерв жүйесінің ауруларын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Және емхана бұдан өзге электрофарез,ультрадыбыстық ингалятор мен 2 физиологиялық ем жүргізетін аппаратпен толықты.

Қымбат Қасымова –Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің Балқаш қалалық бөлімшесінің жетекшісі
«Мұндай аппараттар біздің емханада бар. Бірақ, ескірген. Сондықтан былтыр біз үміт үйіне өтініш жазған болатынбыз. Міне бүгін соны алып отырмыз.Себебі, осындай құрылғылар науқастарға өте қажет.Дәріден кейін денсаулықты қалыпқа келтіру үшін жақсы ем».

Ресей елінде жасалған 5 құрылғының құны 1 млн 200 мың теңге тұрады. Бұл қоғамдық қордың балқаштықтарға жасаған алғашқы сыйы емес. Бұған дейін демеушілер орталық аурухана мен бірінші емхананы жаңа техникалармен қамтамасыз еткен.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture