Гараждан темір –терсекті ұрламақ болған 9-сыныптың 4 оқушысы ұсталды. Тағы екеуі іздестеріліп жатыр. Оқиға тапа-тал түсте Ардагерлер кварталындағы гараждар массивінде орын алған. Қара жолмен ақша таппақ болған балалар тесік арқылы гаражға түсіп, ішіндегі құрал-саймандарды ұрламақ болған. Алайда, ойлары іске аспады. Ішке кірген екеуі сыртта тұрған сыбайластарына темір саймандарды беріп жатқанда, гараж иесі үстерінен түсіп, бірден полицияға хабар береді. Тәртіп сақшылары жеткенше сырттағы 4-уі қашып кеткен. Ал, іште болған екеуі шығып үлгермепті. Деседе, қашқындардың екеуі үйлерінде қолға түсті. Ал, бұл қылмысты ұйымдастырған қалған екеуі қазір іздеуде. Енді 15-16 жастағы оқушылар сот алдында жауап беретін болады.
Мария Гиждевская – кәмелетттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы
«Ұрлыққа түскен балаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 188 бабтың 2 — тармағына сәйкес шартты мерзімге сотталуы мүмкін. Қазір 2 күдікті іздестірілуде.Ұсталған 4 баланың айтуынша олар құрал-саймандарды ұрлап, темір қабылдайтын жерге сатып, ақша таппақ болған».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login