Балқаш жаңалықтары 3 сәуір 2017

Облыстық маңызы бар жолдарды су шайып жатыр. Тұрғындар оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерге жариялауда.

Ауруханаға сый! Қалалық туберкулезге қарсы диспансер жаңа құрылғымен толықты. Жерлестерімізге физиологиялық ем жүргізетін аппаратты алматыдағы «Үміт үйі» қоғамдық қоры тарту кетті.

Балқашта төрт түлік малды жаппай егу басталды. Бұл шара сібір жарасы, қарасан, құтырма секілді аурулардың алдын-алу үшін жасалуда.

Балқашта ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сатылады. Осы жылдың ең басты маңызды шарасында барғысы келетіндер Қазпошта бөлімшелеріне жүгінсе болады.

Балқашта жалпықалалық сенбіліктің екі айлығы басталды. Алайда, жалпықалалық дегені тек аты ғана болмаса, бұл күні белсенділік танытқандардың қарасы көп бола қоймады.

Балқаштық кикбоксшы халықаралық жарысқа жолдама алды. Данияр Орал мамыр айында Түрікменстанның астанасы Ашхабад қаласында ел намысын қорғайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture