Қарағанды облысында су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектетілді

Қарағанды облысында су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектетілді, -деп хабарлайды «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында орын алған су тақыны Республикалық маңызы бар жолдарды шайып кетті. Соның салдарынан, «Ақшатау-Ақадыр» (90-167 шақырым) жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Тек «Қарағанды-Ақсу-Аюлы-Ақадыр» айналма жолы арқылы өтуге мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек ШҚО, Павлодар және ОҚО-ның республикалық маңызы бар жолдарындағы түрлі учаскелерде су тасқынына байланысты көлік қозғалысы шектелді.
ШҚО-да «Семей-Қайнар» тас жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналма жол — «Семей-Қарауыл» жолы арқылы.
Павлодар облысында Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ульяновский» жолының Майкиннен Баянауылға дейінгі бөлігінде (101 шақырымды су шайған) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.
ОҚО-да «Самара-Шымкент» күре жолында (2217-2235 шақырым, 2229 шақырымды су шайған) көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді. Айналма жол — Темірлан ауылы арқылы.
Бұл учаскелерде су өткізу құбырлары бар, нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Ескерту белгілері, сигналды бағандар қойылды. Тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture